Ел біріншілігіне қатысатын Маңғыстаулық боксшылар тізімі жарияланды

553

Бокстан Шымкентте өтетін Қазақстан чемпионатына Маңғыстау облысынан 15 боксшы қатысады.  

Ел біріншілігіне қатысатын Маңғыстаулық боксшылар тізімі жарияланды

Бұл туралы аймақтық федерацияның баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Olympic.kz. 

Ұлттық біріншілікте бақ сынайтын спортшылар қатарында 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов, Азия біріншілігінің жүлдегерлері Ерік Әлжанов пен Санатәлі Төлтаев және Қазақстан чемпиондары Айболды Дәуренұлы, Саматәлі Төлтаев, Нұрбол Қалжановтар бар. 

Қазақстан чемпионатына қатысатын Маңғыстау облысының командасы: 

Жарам Қомшабаев (49 келі), Самат Жетібаев (52 келі), Нұрбол Қалжанов (57 келі), Саматәлі Төлтаев, Нұрбек Орысбай (60 келі), Нұрым Ділшат, Махмұд әл-Мұхаммед (63 келі), Санатәлі Төлтаев, Сұлтан Шаршов (69 келі), Ерік Әлжанов, Ақжол Әбдіхан (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі), Нұрлан Сабиров, Азамат Набатов (91 келі), Айболды Дәуренұлы (+91 келі).  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу