Ел экономикасы 4,5%-ға өсті – ҰЭМ

354

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.  

Ел экономикасы 4,5%-ға өсті – ҰЭМ Фото: aa.com.tr

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл өткен жылдың қаңтар-мамыр айларына қарағанда Қазақстан экономикасы 4,5% пайызға артты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның ішінде нақты сектордағы өсу 3,6%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы өсу 4,9%-ды құраған.

Әлібек Қуантыровтың сөзінше, негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр. Әсіресе, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс салалары ең жоғары өсімді көрсетті.

"Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 17,2%-ті құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 56,1%-ға, ауыл шаруашылығында – 30,8%-ға, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда – 3%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте – 15,7%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 13,4%-ға және өңдеу өнеркәсібінде 2,8%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстарында байқалды", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу