Ел экономикасын алда не күтіп тұр?

3221

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы талдау орталығы 2022 жылғы қарашадағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығына кәсіби қатысушылар арасында жүргізілген  кезекті сауалнаманың нәтижесін ұсынды. Бір жылдан кейін инфляция 13,9%-ға (бұрын 12,9% еді) болады деп, болжам біршама нашарлады

Ел экономикасын алда не күтіп тұр? Фото: inbusiness.kz

Сарапшылардың пікірінше, мұнайдың қымбаттауы мен теңгенің нығаюы экономиканың өсуіне көмектесуі екіталай, деп жазады inbusiness.kz, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.

Қауымдастық сарапшылары жүргізген зерттеуде қаржы нарығының кәсіби қатысушылары, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдері, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің пікірі зерделенді. Респонденттер төмендегі индикаторлар бойынша болжамдар жасаған.

1.           Brent маркалы мұнайдың құны;

2.           Ресей рубліне қарсы АҚШ долларының құны;

3.           Қазақстандық теңгеге қарсы АҚШ долларының құны;

4.           Инфляция;

5.           ЖІӨ;

6.           ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі.

Зерттеуге сәйкес, елдегі бағаның өсуін бәсеңдету бағытында елеулі жетістіктің болмауынан (инфляция қазан айында 18,8%-ға дейін өсті) бір жылдан кейін инфляция 13,9%-ға (бұрын 12,9%) болады деп, болжам біршама нашарлады.

Базалық мөлшерлеме қозғалысының бұдан былайғы траекториясына қатысты сарапшылар пікірі екіге бөлінген. Респонденттердің 52%-ы Ұлттық банк желтоқсанда базалық мөлшерлемені (16,0%–ы) сақтайды, ал 48%-ы — 16,5-17,0%-ға дейін көтеріледі деп күтеді.

"Ұлттық Банк инфляциялық тәуекелдердің жай -күйіне сүйене отырып, базалық мөлшерлемені көтеру әлеуеті сақталып отырғанын атап өтеді, ал екінші жағынан, экономиканың баяу өсуі  жалғасып жатқандықтан реттеуші іс-әрекетін түзете алады",-делінген хабарламада.

ҰЭМ деректері бойынша, қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 2,8%-ға өсті (ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 3,6%). Сонымен қатар, іскерлік белсенділіктің баяулауы негізінен тау-кен саласында. Осыған байланысты, мұнай бағасы өседі деп күтілуін ескере отырып, сарапшылар экономика жыл ішінде 2,7%-ға (бір ай бұрын 3,2%) өседі және одан әрі төмендейді деп күтеді.

Қаржы нарығы сарапшыларының пікірінше, 2023 жылдың соңына қарай мұнай бағалары барреліне 102,4 долларға дейін өсуі мүмкін (қазіргі құны 98,6 доллар). Бағаның өсуіне, бәлкім, ОПЕК+-тің өндіріс көлемін азайту жөніндегі жедел әрекеттері, Ресей Федерациясынан сатып алынатын мұнай бағасына "шек" қою туралы талқылау жүргізілуі, сондай-ақ ҚХР-дағы қатаң ковидтік шектеулердің жойылуы ықпал етуі мүмкін.

"Ұлттық валюта бағамына келетін болсақ, мұнай бағасының өсу ықтималдығы, сондай-ақ Ұлттық банк қазан айында базалық мөлшерлемені айтарлықтай көтергеннен кейін дамыған елдермен пайыздық мөлшерлемелер дифференциалының тарылуы теңгеге оң әсер етуі мүмкін. Желтоқсан айының басына USDKZT жұбы бойынша орташа бағам бір доллар үшін 469,5 теңге деңгейінде болжанады (ағымдағы 464,49), ал бір жылдан кейін — 490,0 (496,4 бұрын) теңге деңгейінде болжанады",-делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу