Ел экономикасын оңалту – вакциналау қарқынына тәуелді болып тұр

570

Вакциналау қарқыны әлемдік экономиканы, сол сияқты Қазақстан экономикасын қалпына келтірудің маңызды факторлары болып қалуда.  

Ел экономикасын оңалту – вакциналау қарқынына тәуелді болып тұр

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Коронавирус ауруларының жаңа жағдайларының өсімі және вакцинация қарқыны әлемдік экономиканы, сол сияқты Қазақстан экономикасын қалпына келтірудің маңызды факторлары болып қалып отыр", - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, дамушы елдердегі вакциналаудың әлсіз қарқынына және аурудың өсуіне байланысты Халықаралық валюта қоры 27 шілдеде ішкі жалпы өнім болжамын 6,3%-ке дейін 0,4 пайыздық тармаққа төмендету жағына қайта қараған. 

"Дамушы елдердің өсу перспективаларының нашарлауына байланысты 2022 жылдың соңына қарай олардың экономикаларын қалпына келтіру күтіледі. Дегенмен, Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының өсуі жөніндегі болжамды 3,2% деңгейінде сақтады", - дейді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу