Ел-елді аралайтын ірі фуралар бензинді Қазақстанда құйып алғысы келеді

762

Бұған Қазақстандағы бензин бағасының көршілес елдерден қарағанда арзан болуы себеп болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ел-елді аралайтын ірі фуралар бензинді Қазақстанда құйып алғысы келеді

"Біз басқа мемлекеттермен нарықтық қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Мұнай өнімдерінің бағасы нарықтың конъюктурасын көрсетуі керек. Мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдай алдағы уақытта жақсарады деген сенімдеміз. Әлемдік тенденцияға қарасақ, мұнай қымбаттап барады. Яғни мұнайшылар өз зауыттарында пайданы арттырғысы келеді. Тиісінше, одан түскен пайданың бір бөлігі республикалық бюджетке, Ұлттық қорға түседі. Яғни біз қазір мұнай өнімдеріне ден қойып, бюджетке және Ұлттық қорға түсетін қаражаттың жолын кесе алмаймыз. Салық салу базасын арттырып, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға күш салуымыз керек", – деді ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, Қазақстанда жанар-жағармай жағынан біздің көршілес елдерден қарағанда арзан. 

"Бізде бензин бағасы 170-172 теңге болса, Өзбекстанда 240, Қырғызстанда 254 теңге, Ресейде 273 теңге тұрады. Қазір байқап отырсақ, Қазақстаннан транзит арқылы өтетін көліктер жанар-жағармайды біздің елден сатып алып, құйғысы келеді. Мәселен, фуралар бір дегенде 1000-1200 литрге дейін бензин алады. Баға жағынан өз халқымызбен бірге көршілес елдердің халқына да көмектесіп жатырмыз. Бұл ретте меніңше, нарықтық механизмдерге жүгінуіміз керек", – дейді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу