Қазақстанда макаронға сұраныс артты

941

Қазақстанда макаронға сұраныс артты

Қазақстан халқы етті қойып, жаппай ма­карон тұтына бастаған. Оған биылғы тоғыз айдағы статистика дәлел, деп жазады "Жас Алаш" газеті.

Ресми дерек бо­йынша, макарон өніміне сұраныс өткен жыл­мен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Ал кондитерлік өнімдердің сатылымы, керісінше, азайып кеткен.

"Сонда халық кедейленіп бара ма?" деген сауалға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова: "Жоқ, мен сіздерге басқа мәлі­мет бере аламын. Негізі, ет өнімдерін де бізде өте жақсы тұтынады", – деп жауап берді. Ал әлеуметтанушылар "макаронға де­ген сұраныстың артуы халықтың әлеуметтік жағдайының төмендегенін көрсетеді" деп отыр, деп түйіндеген басылым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу