Ел қазынасына 1,5 триллион теңгеден астам салық түсті

908

Ел қазынасына 1,5 триллион теңгеден астам салық түсті

Ел қазынасына бір жарым триллион теңгеден астам салық түсті. Осы жылдың алғашқы үш айында мемлекеттік бюджет жоспарланған көлемнен 101 миллиардқа артық толды. Бүгін бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл үрдіс былтырдан бері жалғасып келеді. 2017 жылы салық түсімдерінің көлемі 8 трлн 812 млрд теңгені құрады. Есесіне өткен жылы Қазақстанда салық жүктемесі 45 пайызға азайса, осы саладағы тексерістер 25 пайызға төмендеген.

"Салық кодексі аясында жүктемені төмендету шаралары қарастырылған. Нақтырақ айтсақ, жоспардан тыс тексерістерді белгілеуге арналған негіздер азайды. Бұрын оның 32 түрі болса, қазір ол 12. Заңды тұлғаларға аудит жүргізу немесе жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату үшін қолайлы жағдайлар жасалды", - дейді ҚР ҚМ МК комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу