Ел қазынасына 11 айда 13,5 трлн теңге салық түсті

519

11 айда салық бойынша жоспар 103%-ға орындалды.  

Ел қазынасына 11 айда 13,5 трлн теңге салық түсті Фото: atr.kz

2021 жылмен салыстырғанда  салық 3,8 трлн теңгеге артық жиналған, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл 11 айда қазынаға 13,5 трлн теңге салық түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді.

"Биыл салық түсімі бойынша жылды жақсы көрсеткішпен аяқтап жатырмыз. 2022 жылы 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекет қазынасына 13,5 трлн теңге салық түсті. Жоспар 103,1 пайызға орындалып отыр, яғни былтырмен салыстырғанда 1,4 есе артық. Нақты айтқанда, былтырға қарағанда 3,8 трлн теңге салық артығымен түсіп отыр", - деді Данияр Жанәлінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу