Ел мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген 75 қайраткерге стипендия табысталды

1055

Ел мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген 75 қайраткерге стипендия табысталды

Алматыда еліміздің мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген 75 қайраткерге 544 мың теңге көлемінде бір реттік стипендия табысталды, деп хабарлайды almaty.tv.

Елбасы тағайындаған сыйақыға ие болғандар қатарында әдебиет, кино, театр, музыка саласының майталмандары - Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Мыңбай Рәш пен Ақұштап Бақтыгереева бар. Мемлекеттік қолдау жас дарындар - "Астана опера" театрының солистері Медет Шотабаев пен Мәдина Баспаева және жас ақын Жамбыл Дүйсеновке де көрсетілді.

Кездесуде өнер саңлақтары еліміздің мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықовамен былтыр түсірілген кино туындыларды және шетелде көрсетілген отандық қойылымдарды да талқылады. Өйткені, бір жыл ішінде жеткен жетістік аз емес. Соның бірі, мемлекеттік деңгейде тойланған – "Алаш қозғалысының 100 жылдық"  мерекесі.

"Сонымен қатар, былтыр Алаш Орданың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді. Оның аясында республика бойынша көптеген маңызды іс-шаралар республикада, жергілікті жерлерде жүргізілді. Мәселен, соның бірі 10 қарашада Астанада өткен 2000 адамға жуық қатысқан "Рухани жаңғыру. Алаш идеялары мен тәуелсіздік сабақтастығы" атты ғылыми практикалық конференция", - деді  Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу