Ел нарығына қажетті мамандықтар тізімі жарияланды

545

Шетелдіктер Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өз мамандығының кәсіби шебері болса - жеткілікті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі иммигранттарға ел нарығында қандай мамандықтарда сұраныс басым екенін жариялады.

Ел нарығына қажетті мамандықтар тізімі жарияланды Фото: Balbal.kz

Ведомство тізімді "Ашық" нормативтік құқықтық актілер порталына жүктеп, 19 қаңтарға дейін халықтық талқылауға ұсынды. Мемлекет жұмыссыздарға көбірек төлейтін болды

Елдегі жұмыссыздақ жайы реттелмей тұрғанда шеттен маман алдыру жағдайды одан әрі ушықтырмаса игі дейді сарапшылар. Ал тиісті министрлік жұмысынан айырылған азаматтарға қолдауды қаржылай көрсетуге ниетті көрінеді. Себебі биылдан бастап ведомство әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициентін көтерді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылды. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін ұлғайтылды. 

Яғни  бұған дейін әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін 6 айлық төлем соңғы жалақысының 40 пайызы көлемінде болса, бұл көмек енді 45 процентке жетеді. Еңбек министрлігі таратқан ақпаратта биыл осындай жаңаша есептелетін төлемді 117 мыңдай азамат алады деп болжанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу