Ел өңірлерінде 54 млрд теңге игерілмеген

645

Қаражатты толық игермеген өңірлер қатарында Нұр-Сұлтан мен Алматы бар.

Ел өңірлерінде 54 млрд теңге игерілмеген

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын толық игермеген өңірлерге тоқталды. Оның сөзінше жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,1 трлн теңгені құраған. Ал игерілмеген сома 208 млрд теңге көлемінде. 

"Биыл өңірлерге 2,2 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала деректер бойынша оларға 1 желтоқсанға дейін 2 трлн теңге бөлінген. Олардың 96,7%-ы игерілген. Ал 12 млрд теңгесі үнемделсе, 54 млрд теңге игерілмеген", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаражатты игере алмаған аймақтар қатарынан Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары табылды. Қаржы министрі жыл қорытындысы кезінде нысаналы трансферттер бойынша 26 млрд теңге сомасында жоспардың орындалмауы болжанып отырғанын айтады. Ал оның негізгі себептері мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, жоспарға қарағанда алушылардың нақты санының азаюы, жұмыс жүргізу кестесінен артта қалу, жұмыс көлемінің орындалмауы.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу