Ел тұрғындары интернет арқылы қандай тауар түрлерін сатып алады?

353

2022 жылы елімізде электрондық сауда үлесі 12,5 пайызды құрап, 2 триллион теңгеге жуықтады. 

Ел тұрғындары интернет арқылы қандай тауар түрлерін сатып алады? Фото: avgrodno.by

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев электрондық сауданың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Интернет арқылы өткізілген негізгі тауарларға үй тауарлары, киім, аяқ киім, тамақ өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер жатады. 

"2022 жылдың қорытындысы бойынша электрондық сауда қызметтері нарығының көлемі 1,2 триллион теңге болған, оның 50,3%-ы жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі. Өткен жылдың 11 айында электрондық сауда көлемі шамамен 2,183 триллион теңгені немесе бөлшек көлемінен 13% құрады. 2023 жылдың нәтижесінде жоспарланған электрондық сауда үлесі 13,2% құрауы тиіс. Министрліктің алдында электрондық сауданың үлесін 2030 жылға қарай жиырма пайызға дейін жеткізу міндеті тұр", - деді министр Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу