Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері жылу қуатын есепке алу құралы орнатылмаған тұтынушылардың жылуға төлеген ақшасын қайта есептеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясы үшін төленген ақша қосымша құн салығын қоса алғанда 1217,02 млн теңгеге қайта есептелді.
Төменде өңірлердегі қайта есептеу сомасы:
- Астана қаласы – 460,67 млн теңге;
- Алматы қаласы – 57,77 млн теңге;
- Шымкент қаласы – 38,50 млн теңге;
- Абай облысы – 0,27 млн теңге;
- Алматы облысы – 12,70 млн теңге;
- Ақмола облысы – 13,98 млн теңге;
- Атырау облысы – 22,09 млн теңге;
- Ақтөбе облысы – 11,03 млн теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы – 298,56 млн теңге;
- Жамбыл облысы – 26,06 млн теңге;
- Батыс Қазақстан облысы – 1,82 млн теңге;
- Қостанай облысы – 25,69 млн теңге;
- Қызылорда облысы – 42,21 млн теңге;
- Маңғыстау облысы – 161,60 млн теңге;
- Павлодар облысы – 29,11 млн теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 14,59 млн теңге;
- Түркістан облысы – 0,37 млн теңге.
Қарағанды облысында, Ұлытау мен Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған. Себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.
"Сонымен қатар Астана қаласында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды.
Салыстырмалы түрде 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 554,7 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілген", – делінген хабарламада.