Эльба өзенінде жүзден астам қайық қозғалысы уақытша тоқтады

897

Эльба өзенінде жүзден астам қайық қозғалысы уақытша тоқтады

Германияның Гамбург қаласындағы G-20 саммиті қарсаңында шеру өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Митингке үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақ өкілдері шықты. Жиналғандар әлем көз тіккен шарада жаһандық климатқа қатысты әділ шешім шыққанын қалайды. Сондай-ақ сауда саясатына тың талаптар енгізу қажет деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, "Үлкен жиырмалыққа" мүше елдердің көшбасшылары мен үкімет басшыларының кездесуі 7-8 шілдеге жоспарланған. Полицияның мәлімдеуінше, Гамбург қаласының орталығына 8 мың шамасында адам жиылды. Алайда митингке қатысушылар мұндағы кісі қарасы одан екі есе көп екендігін айтады. Оны кадрлардан айқын көруге болады. Алаңға қоршаған ортаны қорғаушылар, Трамп саясатына қарсы көпшілік жиылды. Тіпті шеруге қатысушылардың көптігінен Эльба өзенінде жүзден астам қайық қозғалысын уақытша тоқтатты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу