Елбасы Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті

1761

Елбасы Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен кездесті. Екі ел басшысы аймақтағы қауіпсіздік мәселесін, Солтүстік Кореядағы ядролық проблеманы сөз етті. Америка көшбасшысы бірқатар жетістіктеріне тоқталды. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті. Сапар барасы жөнінде толығырақ тілші материалында

Қазақстан Президентінің кортежі Ақ үйдің қақпасына түс кезінде келді. Осылайша бұл АҚШ көшбасшысының жыл басталғалы шет елдік мәртебелі қонақты алғаш қабылдауы болды. Сырт көзге кездесу рәсімі қарапайым көрінуі мүмкін. Алайда, Ақ үй иесі мейманды өзінің жеке бөлмесінде қабылдауы үлкен құрметтің белгісін аңғартады.  Дональд Трамп тіпті Нұрсұлтан Назарбаевты ғимаратқа кіргізбей тұрып, дидарласуды бастап кетті. 

Кездесу Рузвельттың бөлмесінде жалғасын тапты. Қос Президенттің қол алысу рәсімі өтті. Өздеріңіз білесіздер Америкалық көшбасшы тек өзіне тән  сәлемдесуімен де әлемге  танымал.

Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының Президенті

Президент мырза, сіздің осында келгеніңізге өте қуаныштымын. Сізді бәрі ерекше құрметтейді. Шын мәнінде, біздің мемлекеттеріміздің  арасында тамаша қарым-қатынас бар. Түрлі тауарлар сатып алынуда. Жалпы, Қазақстан өте жақсы жағдайда тұр. Сізді осы жерде қабылдау мен үшін үлкен мәртебе.

Трамп Қазақстан аймақтық қауіпсіздік мәселелерінде маңызды серіктес екенін айтып, Ауғанстандағы террормен күреске қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Американың әкімшілігі Астананың бұдан әрі қолдау танытатына үмітті. Кездесу барысында журналистер сұрақ қоюуға ниет білдіргенімен, Трамп  баспасөздің өтінішіне назарын сала қоймады. Артынша бірден Қазақстанның Президенті сөз сөйледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

Мен біздің өңірімізден шыққан тұңғыш президентпін. Менің осында тұруым мен үшін үлкен құрмет. Қазақстан үшін тәуелсіздігімізді саяси қолдау және аумағымыздың тұтастығы әрдайым маңызды. 26 жыл бойы Қазақстан Американың досы боп келеді.  Бүгінгі сапар соның дәлелі.

Баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайтын кезде Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әзілге жақын екендігін танытып, бірден журналистерді баурап алды. Тіпті ақпарат өкілдері Президенттің бұл қалжыңын аудармай-ақ  түсінді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

Сіздерді тоғызыншы немерелерінің дүниеге келуімен құттықтаймын. Өткен жылы менің оныншы немерем туғанын айта кеткім келеді. 

Алайда құттықтау мұнымен де бітпеді. Белгілі болғандай, АҚШ Президентінің таққа отырғанынан бір жыл толған екен. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың  мәлімдемесінен АҚШ пен Ресей арасындағы саяси қарым-қатынасқа алаңдаулы екенін аңғаруға болады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

Біз басқа да жаһандық, Солтүстік Корея мәселесін талқыладық. 01:57:43 Ондағы проблеманы АҚШ, Қытай және Ресей бірлесе отырып шеше алады. Осыған байланысты біз АҚШ пен Ресей арасындағы саяси қарым-қатынастарға алаңдаулымыз.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев және Дональд Трамп Ауғанстандағы жағдай және сол аумақтағы саяси қарым-қатынас жөнінде де сөйлесті.  Жүздесу соңында, 7,5   млрд доллар болатын 20 келісімшарт жасалды. Астана "Дженерал Электрик"-тан "Боинг"-тар және 900 электровоз алатын болып келісілді. Президент АҚШ-қа жауап ретінде Американың Қазақстандағы азаматтары үшін визасыз режим енгізіліп және алғаш рет жоспарланған елдер арасындағы ұшу орындалатындығына сенім білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу