Мемлекет басшысы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ұлттық заңнаманы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарымен үндестіруге, ұшу қауіпсіздігі мен авиация қызметін реттеудің тиімділігі деңгейін жоғарылатуға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу