Елбасы Әзірбайжан басшысын туған күнімен құттықтады

2187

Әзірбайжан басшысының ресми сайтында құттықтау телеграммасы жарияланды.

Елбасы Әзірбайжан басшысын туған күнімен құттықтады

Елбасы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады. 

"Астана мен Баку арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық қарым-қатынас ­бауырластық және стратегиялық әріптестік негізінде, сондай-ақ екі ел халқының игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенімдімін", - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.

Назарбаев әріптесіне мықты денсаулық, таусылмас қайрат, қызметіне жаңа табыс, сондай-ақ Әзірбайжан халқына бейбітшілік пен жарқын болашақ тіледі.

Ильхам Әлиев 24 желтоқсанда 57 жасқа толады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу