Елбасы коммерциялық банктерде орын алып жатқан ұрлыққа ашуланды

977

Елбасы коммерциялық банктерде орын алып жатқан ұрлыққа ашуланды

Елбасы үкіметтің кеңейтілген отырысында банктерде болып жатқан ұрлыққа ашуланды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Әбілязов бастаған БТА банкі мемлекет пен халықтың ақшасын барлығының көз алдында жасаған ұрлығын ешкім ұмытқан жоқ. Біз бұның мемлекеттің ақшасын қымқырған нағыз ұрлық екенін әлемге ашып, дәлелдедік. Ал қазір ше? Банк құрдық және оған сендік, халық пен ұлттық компаниялар да баруда, ал енді бұл акционерлер ол жақтан ақшаны шығарып жатыр, ал бұны Ұлттық банк бақылап, жай ғана қарап отыр", - деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
"Қадағалаушы органның онда не керегі бар? Менің ашуымды тудыратын нәрсе осы. Біз айтамыз,  банкротқа ұшырауына жол бермеу керек деп. Банкрот қылу керек немесе ақшаны қалдырсын. Ол акционерлер ешқайда кеткен жоқ, олар осында отыр. Олар ақша жинап, одан соң оны шығарып алу үшін банк құрған. Тапа тал түсте ұрлық жасайды", - деп ашуланды президент. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу