Елбасы: Барлық тұрғындар Астана аймағындағы жасыл белдеуді қорғауы керек

935

Елбасы: Барлық тұрғындар  Астана аймағындағы жасыл белдеуді қорғауы керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындарын Астананың "жасыл белдеуі" аумағын кеңейтуге үлес қосуға шақырды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Жыл сайын  елорда аймағындағы  орманды дамыту бойынша тапсырмам қалай жүзеге  асырылып  жатқанын бақылаймын. Осыған дейін жас отырғызылымдарды  батыстық тараптан  байқайтынбыз, қазір ол  шығысқа  бет алып   барады. Бұрындары ағаштардың әртүрлі тұқымдары болатын, орта беткейінде: қарағай, ақ қайың, тау шыршасы орналасқан. Соңғы  10 жылда  қарағайлар бой түзеп қалғанын,  байқадыңыздар.  Орман өзін-өзі қалыптастырып жатыр", - деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, Астана маңы мен Бурабай  орманына қатысты  жұмыс аяқталды.

"Қазір біздің мақсатымыз орман ішінде асыл тұқымды ағаштарды отырғызып, құлап қалған талдарды қалпына келтіру.  Сондай-ақ, қала сыртындағы  80 мың гектар ағашты көтеру.  25 жыл ішінде  орман алқабы ұлғайды.  Енді  демалыс орны ретінде  20 шақырым велосипед  жолдары пайда болады. Ең бастысы – еліміздің "өкпесі". Біз  болашақ ұрпақ үшін қаланы салып жатырмыз. Бұл ұрпағымызға қалдыратын басты мұра болмақ", - деді Н.Назарбаев.

ҚР президенті  тұрғындарды Астана күнімен құттықтап, елордада жаңа ботаникалық бақша болатынын айтты.

"Алда келе жатқан Астана күнімен құттықтаймын. Қаланың іші ғана емес, жан-жағы да керемет. Астананың ішінде  15 мың ағаш отырғызылды. Енді Ботаникалық бақша мен саябақтар салынады. Біздің қаламыздың әсемдігін паш ете алу керек. Қазір ЭКСПО-2017, біз жасыл энергетиканы дамытып жатырмыз", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, барлық тұрғындар  Астана аймағындағы жасыл белдеуді қорғауы керек.

"Орманды  жақсартып, табиғат пен адамдарға  қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Табиғатты  адам қастерлеуі керек", - деді елбасы.

Айта кетейік, жасыл белдеудегі  жұмысты 2020 жылға дейін жүргізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу