Елбасы Джозеф Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

558

Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.  

Елбасы Джозеф Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденді Америка Құрама Штаттарының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.

Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу