Тұңғыш Президент елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті

941

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті үзеңгілестерімен бірге елорданың құрылуы және даму тарихына арналған көрмені аралады.  

Тұңғыш Президент елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті

Онда Елбасы кітапханасының музейі, мұрағаты және кітапханасы қорынан мыңға жуық экспозиция қойылған, деп хабарлайды elbasy.kz.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті астананың алғашқы құрылысына атсалысушыларға арнайы "Назарбаев орталығының" экспозициялық алаңында экскурсия өткізді.

Сондай-ақ, Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.

"Жақын серіктестерім мен адал үзеңгілестерімді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздер әсем қаламызды салу барысында әрқашан маған сенімді қолдау көрсеттіңіздер", –  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу