Елбасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректорын қабылдады

1043

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев университеттің отандық аграрлық сектор үшін жоғары білікті мамандар даярлау бойынша жүргізіп жатқан жұмысының маңыздылығын атап өтті.  

Елбасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректорын қабылдады

Елбасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Есполовты қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті инновациялық технологияларды енгізу және аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне тоқталды. Осы орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған отандық ғылым саласын қолдау мен дамытудың жаңа тәсілдерін енгізудің өзектілігі атап өтілді.

"Өскелең ұрпақтың тәрбиесі жеке тұлғаның адамгершілік және азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталған. Бұл үдерісте толеранттылық, ұлтаралық келісім, патриотизм, заңға бағынушылық және еңбекқорлық негізгі бағыт болуы керек", – деді Елбасы.

Кездесуде Т.Есполов Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі берілгені жөнінде мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу