Назарбаев кеңсесінде жұмыс істейтіндер енді мемлекеттік қызметкер деп есептелмейді

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында жазылған. 

Назарбаев кеңсесінде жұмыс істейтіндер енді мемлекеттік қызметкер деп есептелмейді Фото: Ulysmedia

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінде жұмыс істейтін адамдардың лауазымдары мемлекеттік қызметшілердің тізімінен алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz құжат мәтініне сілтеме жасап. 

Сонымен, мемлекеттік саяси қызметшілер тізімінен:

- тұңғыш президент кеңсесінің меңгерушісі;

- бірінші президенттің көмекшілері;

- тұңғыш Президент кеңсесі басшысының орынбасарлары;

- бірінші президенттің кеңесшілері;

- бірінші президент аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;

- Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары;

- мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары;

- тұңғыш Президент кітапханасының директоры алынып тасталды. 

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы тағайындайтын лауазымдар да алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу