"Елбасы медалінің" атауы өзгереді – қаулы жобасы

622

Оны "Ел үміті медалі" деп атау жоспарланып отыр.  

"Елбасы медалінің" атауы өзгереді – қаулы жобасы Фото: НИШ ХБН Алматы

Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" ҚР Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Конституциялық Заңға сәйкестендіру мақсатында әзірленген.

Қаулы жобасында медальді Оқу-ағарту министрлігі табыстайтын болады деп көрсетілген.

"Оқу-ағарту министрлігі 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым (әкімші) болып айқындалсын", - делінген құжатта.

"Ел үміті медалі"" – жастардың патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі. Жеңімпаздар "Ел үміті медалі" ерекшелік белгілерінің үш түрімен (қола, күміс және алтын) наградталады.

Құжатты жария талқылау 2 мамырға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу