Елбасы мемлекеттік сапармен Корея Республикасына барды

853

Елбасы мемлекеттік сапармен Корея Республикасына барды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сеул қаласына барды.

Сапар аясында Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кездесу өткізу көзделген, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары келіссөздер аясында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді және Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының басты аспектілерін талқылайды, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев іскер топтар өкілдерімен кездеседі және жергілікті университетке барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу