Елбасы Петр Нефедовтың жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

726

Петр Нефедов қарапайым кеншіден бастап, еліміздің өнеркәсіптік өңірі – Қарағанды облысының басшысы қызметіне дейін өскен.  

Елбасы Петр Нефедовтың жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы inbusiness.kz Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекет қайраткері Петр Нефедовтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Қарапайым кеншіден бастап, еліміздің өнеркәсіптік өңірі – Қарағанды облысының басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолында ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты. Ол әрдайым өндірістегі бай тәжірибесімен және білімімен, жоғары кәсібилігімен әрі ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін. Петр Петрович Нефедовтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде сақталады", – деп жазылған жеделхатта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу