Елбасы ресейлік дәрігерлер коронавирустан аман алып қалғанын айтты

857

Маусым айында ол "Спутник V" вакцинасын ектірген болатын.  

Елбасы ресейлік дәрігерлер коронавирустан аман алып қалғанын айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында ресейлік дәрігерлер бригадасының оны коронавирус инфекциясынан аман алып қалғанын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Пандемия кезінде Ресей тарапының Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен ауырған кезде бір топ ресейлік дәрігер менің қасымда 10 күн болғанын ешқашан ұмытпаймын. Олардың көмегі менің дерттен жазылуыма себеп болды. Бұл ұмытылмайды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, Елбасы коронавирус ауруына 2020 жылдың 18 маусымында шалдыққан еді. 2 шілдеде оның дерттен айыққаны жарияланды. 2021 жылдың маусым айында ол "Спутник V" вакцинасын ектірген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу