Елбасы туралы Конституциялық заң жобасын қарастыру барысында депуттаттар тарапынан ұсыныстар түскен жоқ

448

Аталған заң жобасы жалпыұлттық референдум нәтижесінде Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. 

Елбасы туралы Конституциялық заң жобасын қарастыру барысында депуттаттар тарапынан ұсыныстар түскен жоқ Фото: Экспресс К

Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ол "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша қосымша баяндама жасады.

Оның айтуынша, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Сондықтан ол Заңның ендігі жерде құқықтық негізі жоқ.

Бұған қоса, 5 қаңтарда Парламент Мәжілісінің 34 депутаты – "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері өз құқығын жүзеге асырып, Конституциялық Сотқа өтініш жолдап, Конституцияның 62-бабы 4-тармағына ресми түсініктеме беруді сұраған.

"Осыған орай, депутаттардың өтінішіне Конституциялық Соттың үстіміздегі жылғы 10 қаңтардағы №2 нормативтік қаулысында берген ресми түсіндіруге сәйкес: "2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Конституциядан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Конституцияда "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Конституциялық заңның Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ, деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады." - делінген" деді А.Қожахметов.        

Оның айтуынша, Конституциялық заң жобасын қарастыру барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Естеріңізге саламыз, бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының күші жойылды деп тану Конституциялық Заңының жобасын бірінші және екінші оқылымда мақұлдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу