"Елбасы туралы" заң жыл соңына дейін күшін жояды

649

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыровтың айтуынша, "Елбасы туралы" заң жыл соңына дейін күшін жояды, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

"Елбасы туралы" заң жыл соңына дейін күшін жояды Фото: egemen.kz

Е.Сайыровтың айтуынша, қазір Мәжілістің бейіндік комитетінде "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" заңның күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатыр.

"Депутаттардан "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" заңның күшін жою туралы мәселе жиі сұралады. Қазір бейіндік комитетте жұмыс жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аталған заң өзінің заңды күшін жояды", - деді төменгі палата өкілі.

Айта кетсек, референдумнан кейін Конституциядан Елбасыға қатысты тармақтар алынып тасталған.

"Конституцияда Елбасының саяси рөлі немесе басқа да еңбегі туралы айтылмайды. Қазір Конституцияға сәйкес заңнамалық актілерді келтіру процесі жүріп жатыр. Бұл үдерісте "Тұңғыш Президент – Елбасы туралы" заң өзінің заңды күшін жоғалтады", - деп қосты Ерлан Сайыров.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 16 маусымда Парламент Сенатының кулуарында Әділет министрі Қанат Мусин Елбасының өкілеттігі туралы Конституциялық заңның жойылатынын мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу