Елбасының КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны рас па?

833

"Коммерциялық телевизииялық арна" акционерлік қоғамы КТК телеарнасының акцияларын сатып алу туралы жарияланымдарға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Елбасының КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны рас па?

"Бірқатар қазақстандық басылымдар Нұрсұлтан Назарбаевтың КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жариялады. Тұңғыш Президенттің акцияларды сатып алғаны туралы ақпараттың жаңсақ екенін мәлімдейміз", – деп жазылған мәлімдемеде.

КТК телеарнасының акцияларын "Нұрсұлтан Назарбаев Қоры" Жеке қоры сатып алған.

Бұны компания: "КТК телеарнасы расында 2022 жылғы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акцияларын орналастырды. Оның ішінде 2 396 156 акция КТК телеарнасының ірі акционері – коммерциялық емес ұйым болып табылатын "Нұрсұлтан Назарбаев Қоры" Жеке қоры тарапынан сатып алынды. Мәміле КТК телеарнасын жаңғырту және дамыту мақсатында жасалды", – деп түсіндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу