Елде 31 мың тұрғын қаржы пирамидаларына алданған

3342

Шығынның мөлшері 54 млрд теңгеден асады.

Елде 31 мың тұрғын қаржы пирамидаларына алданған

Қазақстанда 31 мың тұрғын қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы жылдары елде кең таралған қылмыстардың бірі – қаржы пирамидасы. 

"Бүгінде Қазақстан бойынша 31 мың адам қаржы пирамидасына алданып қалған. Оларға 54 млрд-тан аса теңгеге шығын келген. Қаржы пирамидалары "ақшаны оңай табуға болады, тез табыс табуға мүмкіндік бар" деген адамдарды тартады. Алаяқтар санының артуы экономикалық өсіммен, әрі тұрғындар инвестицияға қызығушылығымен байланысты", – деді департамент басшысы ІІМ-де баспасөз мәслихатында.

Санжар Әділов қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу