Елде 6 млн-нан аса адамның жалақысы өседі

1091

Жаңа жылдан бастап ЕТЖ – 36 мың теңге, АЕК – 3 мың 63 теңге болды.  

Елде 6 млн-нан аса адамның жалақысы өседі

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 6,7 млн адамның жалақысы өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің ұлғаюына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн адамның және экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 млн тұрғынның жалақысы өседі.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап елде ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткішті 5% деңгейінде индекстеу жоспарланып отыр. Нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңге болды.

2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге көзделген, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақыға 190,4 млрд теңге жоспарланған. Осылайша,  4,2 млн адамның табысы артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу