Елде азық-түлік қымбаттамауы үшін қандай шаралар қабылдануда

1009

Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және көмірді әкімшілендіруді жетілдіру үшін пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елде азық-түлік қымбаттамауы үшін қандай шаралар қабылдануда

"Инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі", - деп жазылған комитет таратқан хабарламада

2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін пилоттық жобаны әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көмірді өткізу кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) шығару бойынша салық төлеушілердің міндетін енгізу бөлігінде іске асыру көзделеді.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу