Қазақстанда электр энергиясын өндіру артты. Бұл туралы "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өткен күзгі-қысқы кезеңде Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұтыну максимумы 2025 жылғы 18 желтоқсанда тіркеліп, 17 724 МВт-ты құрады. 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңмен салыстырғанда жүктеме максимумы 3%-ға өсіп, 521 МВт болды. 2025 жылы электр энергиясын тұтыну 2024 жылмен салыстырғанда 4,6 млрд кВтсағ немесе 3,8%-ға артып, 124,6 млрд кВтсағатқа жетті. 2025 жылы электр энергиясын өндіру 5,2 млрд кВтсағатқа немесе 4,4%-ға өсіп, 123,1 млрд кВтсағатты құрады", – деді спикер.
Нәби Айтжановтың сөзінше, 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде максималды тұтыну көлемінің деңгейі 18,2 ГВт болады деп күтілуде.
"2026 жылғы 1 қаңтарда электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 26,8 ГВт құрады. Оның ішінде 51 пайызы көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары, 26 пайызы – газбен және мазутпен істейтін жылу электр станциялары, 9%-ы – гидроэлектростанциялар, 4%-ы жаңартылатын энергия көздері", – деп түсіндірді KEGOC басшысы.