Елде кәсіпкер жастар саны артып жатыр

767

Олардың үлесі 18% артқан.

Елде кәсіпкер жастар саны артып жатыр

Биыл сәуірде Қазақстанда 211,9 мың жеке кәсіпкер тіркелген. Олар 29 жасқа толмаған. Бұл былтыр наурызбен салыстырғанда 36,4% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны бір жылда 8,3% немесе 1,2 млн адамға өскен.

Жас кәсіпкерлер саны бір жылда 14,5%-дан 18,2%-ға артқан. 

29 жасқа дейін жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер арасында гендерлік бөліністе ерлердің үлесі басым: 109,1 мың ер, әйелдер саны – 102,8 мың адам.  Егер ерлер саны бір жылда 24,7% өссе, әйелдер саны бірден 1,5 есеге өскен. Осылайша, жұмыс істеп тұрған жас жеке кәсіпкерлер саны 43,7%-дан 48,5%-ға дейін артқан.

Сондай-ақ қалаларда жұмыс істеп тұрған жас жеке кәсіпкерлер саны 158,4 мың адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38,3% артық. Ауылдарда сектордағы барлық жеке кәсіпкердің бір бөлігі еңбек етуде: олардың саны 30,9%, 53,4 мыңға дейін артқан.
Жас жеке кәсіпкерлер үшін ең танымал қызмет көрсету саласы көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ көлік жөндеу болып саналады: мұнда 73,6 мың жеке кәсіпкер еңбек етуде, әйелдердің үлесі 49,9% немесе 36,7 мың адам. Кейін тізімде ауыл, орман және балық шаруашылығы тұр: 15,4 мың жеке кәсіпкер, оның үштен бірі әйелдер. 
Үздік үштікті өңдеу өнеркәсібі қорытындылайды: мұнда жұмыс істеп жүрген жас жеке кәсіпкерлер саны 12,4 мың адам, олардың  61,7% - әйелдер.

29 жасқа дейін жас жеке кәсіпкерлер үлесі Алматы мен Нұр-Сұлтанда басым: 33 мың адам және 24,7 мың адам. Жас кәсіпкерлердің үлесі Солтүстік Қазақстан (2,6 мың адам), Павлодар (5 мың адам) және Ақмола (5,5 мың адам) облыстарында аз. 

Қазақстандағы 17 өңірдің алтауында жас кәсіпкерлердің (қыздар) үлесі басым: Маңғыстау облысында – 63,2%, Шығыс Қазақстан облысында – 62,3%, Қарағанды облысында – 51,9%.

Жас қыз кәсіпкерлердің үлесі Солтүстік Қазақстан (39,2%), Түркістан (40,5%) облыстарында аз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу