Оның айтуынша, елде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған.
"Бүгінде Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "сары" аймаққа көшті. "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, "сары" аймақта Алматы және Шымкент қалалары бар. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта", – деді Әсел Артакшинова.
Ол соңғы аптада COVID-19 жұқтырғандар саны 11 өңірінде өскенін атап өтті.
"Ел бойынша вирусты жұқтыру көрсеткіші 1,4 есе, репродуктивті сан 1,3 өсті. Бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 1 510 жағдайы тіркелді. Бұл жағдайлардың 75%-ы 3 өңірге тиесілі: Нұр-Сұлтан – 798, Алматы – 196, Шымкент – 118 жағдай", – деді департамент директоры.
Әсел Артакшинова эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы Қазақстанда "омикрон" штамының анықталуымен байланысты екенін жеткізді.