Елде коронавирус жұқтырғандар саны 3 есе өскен

980

Қазақстандағы 12 өңірде COVID-19 вирусымен ауырғандар саны шамамен 3 есе артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 3 есе өскен

"Соңғы 2 аптада 12 өңірде коронавируспен ауру 2,8 есе өсті. Соңғы аптада ауру Нұр-Сұлтанда 9,9 есе, Шымкентте 3,7 есе, Алматыда 2 есе артты", – деді министр.

Ол елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауын "омикрон" штамымен байланыстырды.

"Генетикалық зерттеулер нәтижесінде қаңтардың басында "омикрон" Нұр-Сұлтан және Алматыда анықталды. "Омикронның" ерекшеліктері – ауру жылдам жұғады, қайта жұқтыру қаупі жоғары. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарында "Дельта" штамына қарағанда 70 есе жылдам көбейеді. Ауру жағдайлары 2-3 күнде екі есе өседі. Бұл аурудың жылдам көбеюіне әкеледі", – деді Ажар Ғиният.

Министр алдын ала зерттеулер ревакцинация аурудың ауыр түрлерінен, ауруханаға жатқызудан және өлімнен 70%-ға дейін қорғайтынын атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу