Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

1153

110 876 адам вирустан емделіп жатыр.  

Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Өткен тәулікте Қазақстанда СOVID-19 жұқтырудың 5 мыңнан аса дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 5 721 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елде СOVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 266 128-ге жетті.

Сондай-ақ Қазақстанда 14 900 адам коронавирустан айықты. Нәтижесінде, 1 143 107 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Биыл 5 ақпандағы мәлімет бойынша 110 876 адам СOVID-19-дан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 9 950 пациент стационарда, 100 926 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 430 адамның жағдайы ауыр, 161 пациенттің жағдайы өте ауыр, 86 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар елде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 231 353 адам, екінші компонентін 8 803 633 адам салдырды.

Айта кетейік, кеше 6 648 адам COVID-19 вирусын жұқтырған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу