Елде құрастырылатын көліктердің бір бөлігі сыртқа шығарылады – комитет

149

Бұл ішкі нарықтың сұранысына байланысты.  

Елде құрастырылатын көліктердің бір бөлігі сыртқа шығарылады – комитет Фото: primeminister.kz

Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков елімізде шығарылған көліктерді ЕАЭО елдеріне экспорттау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Қазақстанда құрастырылған көлікті қандай елдерге сатып, экспорттаймыз деп сұрады.

"Бұл бағытта министрлік жұмыс істеп жатыр. Утильалымға келсек, бұл – әр мемлекеттің экологиялық мүддесі. Еуразиялық экономикалық одақ ішінде ең үлкен нарық Ресей болып отыр. Былтыр екі ірі зауыт іске қосылды. Олар – Алматыдағы 120 мың машина шығаратын зауыт және Қостанайдағы 70 мың көлік шығаратын "Киа Қазақстан" зауыты. Ол зауыттарға Ресейдің, Қырғызстан және басқа елдердің құзыретті органдарын шақырып, локализация деңгейін көрсеттік. Оң қорытынды алдық", – деді Мұхамед Андаков.

Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған елдердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

"Бұл – Қазақстанда өндірілген автомобильдерді сол жаққа экспорттау бойынша келіссөз. Пайызға келсек, ішкі нарықты қамтамасыз етіп болып, артылғанын сыртқа шығарамыз. Бұл ішкі нарықтың сұранысына байланысты", – деді Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу