Жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 11,8% өскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында 215 тонна қымыз өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 тоннаға көп.
Сонымен қатар шұбат өндірісі 22,2% азайды. 2026 жылдың алғашқы екі айында 206 тонна түйе сусыны өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 тоннаға аз.
Айта кету керек, 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 1126 тонна (жыл ішінде 4,3% азайған), ал шұбат өндірісі 1425 тонна (+27,6%) болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу