Елде мобильді телефон арқылы транзакциялар сомасы 2,5 есе артты

753

Қолма-қол ақшасыз есептесудің жаңа тренді ретінде мобильді қосымшалар өз позициясын нығайта бастады.  

Елде мобильді телефон арқылы транзакциялар сомасы 2,5 есе артты

Қазақстанда бір жылдың ішінде мобильді телефон мен интернет арқылы  транзакциялар сомасы 2,5 есе артты, деп хабарлайды inbusines.kz порталы finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Зерттеуде аталып өткендей, осы жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем көлемі  29,6 трлн теңгеге жеткен. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (12,4 трлн тг) 2,4 есе көп. Соңғы бес жылда қолма-қол ақшасыз төлемнің көлемі орташа есеппен жылына 2,2 есе артқан еді. Яғни бұл бағыттың қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Коронавирус пандемиясы және әлеуметтік аралықты сақтау талабы бұл процесті тіпті жеделдетіп жіберді.

Әлемдегідей Қазақстанда да телекоммуникация және қаржылық технологиялар нарығының маңызды трендтерінің бірі – мобильді қаржылар болып отыр. Қазақстанда жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемнің 83%-ы интернет және мобильді телефон арқылы жүргізілген. Бір жылдың ішінде транзакция сомасы бірден 2,5 есе артқан. 

"Әлемдік желіге қосылу мүмкіндігі интернет және мобильді қосымша арқылы төлеу және алу қызметін арттырып келеді. Мобильді телефон арқылы ақшаны басқару мүмкіндігін Қазақстанның бардық операторының абоненттері алып отыр. Ұлттық статистика бюросының зерттеуіндегі мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы сатылымдарды жүзеге асыру барысында қолданушылардың 21,8% мобильді төлемдерді пайдаланған. Аймақтарды бөліп қарағанда төлемдердің бұл түрі Ақтөбе (48,5%) мен Жамбыл (32,7%) облыстарының, сондай-ақ Шымкент (32,1%) қаласының респонденттері арасында көп таралған", – делінген зерттеуде.
 
Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу