Елімізде несиесін төлей алмай жүрген адамдар саны қанша?

824

Қаржылық қиындықтарға тап болған қазақстандықтар туралы сауалнама қорытындысы жарияланды.   

Елімізде несиесін төлей алмай жүрген адамдар саны қанша?

2021 жылы наурызда халықтың өмір сүру сапасына жыл сайын жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша соңғы 12 айдағы қаржылық қиындықтар туралы респонденттердің пікірі жағымсыз болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

2020 жылдың наурызында Қазақстанда коронавирустың таралуы басталғанын ескерсек, бұл таңқаларлық жағдай емес.

Сонымен қатар өткен жылдың өзінде "коронадағдарыс" басталмай тұрып жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша қаржылық қиындықтарға тап болғандардың үлесі 2019 жылмен салыстырғанда аз болды.
 
Алайда 2021 жылдың наурызында соңғы 12 айда ақшасы жетпеген немесе жалдау ақысын, ипотеканы төлей алмаған респонденттердің үлесі 2,7%-дан 3,3%-ға дейін өсті. Мұндай қиындықтарға тап болмағандардың үлесі 54%-дан 56,6%-ға дейін өсті, ал бұл мәселе алаңдатпайтын адамдардың үлесі 41,9%-дан 37,8%-ға дейін төмендеді.

Ал бір кездері ақшасы жетпеген немесе коммуналдық қызметтерге ақы төлей алмайтын респонденттердің үлесі 9,6%-дан 12,7%-ға дейін артты, ал екі немесе одан да көп рет осындай жағдайға тап болған адамдардың үлесі 3,8%-дан 3,4%-ға дейін төмендеді.

Мұндай қаржылық қиындықтарға тап болмағандардың үлесі 76,6%-дан 77,8%-ға дейін өсті, ал бұл мәселе аса алаңдатпайтын адамдардың үлесі 10%-дан 6,1%-ға дейін азайды.

Бір кездері ақшасы жетпеген немесе несиесін төлей алмағандардың үлесі де өсті (5,7%-дан 6,9%-ға дейін), сондай-ақ өткен жылы несиені екі реттен артық өтей алмағандар саны (2,6%-дан 3,4%-ға дейін) артты. 

Мұндай қиындықтарға тап болмағандардың үлесі 61,9%-дан 62,8%-ға жетті, ал бұған аса алаңдаушылық білдірмейтіндердің үлесі керісінше 29,8%-дан 26,9%-ға дейін төмендеді.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу