Елде өкпе обырына міндетті скрининг енгізілуі мүмкін

255

Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрық жобасын жария талқылауға шығарды.

Елде өкпе обырына міндетті скрининг енгізілуі мүмкін   Фото: oncocenter-ichilov.com

Қазақстанда өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған жаңа скрининг енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатта қолданыстағы профилактикалық тексерулер тізімін өкпе обырына арналған скринингпен толықтыру көзделген. Бұл шара онкологиялық ауруларды, әсіресе өкпе қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтау тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ бұйрық жобасында В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтау бойынша нысаналы топты кеңейту ұсынылған.

Министрлік мәліметінше, енгізілетін өзгерістер профилактикалық тексерулердің қамтылуын арттыруға, қауіпті топтар арасында ауруды ерте анықтау үлесін көбейтуге және асқыну мен өлім көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасы бойынша қоғамдық талқылау 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу