Елімізде өмірді сақтандыру көрсеткіші 71%-ға өскен

954

Жыл басынан бері елде 27 сақтандыру компаниясы жұмыс істеген. Оның тоғызы өмірді сақтандыру компаниясы.

Елімізде өмірді сақтандыру көрсеткіші 71%-ға өскен

Қазақстандағы сақтандыру нарығында жұмыс істейтін компаниялар саны азайып, өмірді сақтандыру компаниялар саны артып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру компанияларынан сақтандыру сыйлықақысының түсімі 392,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 71,3%-ға артық.

Бұл өмірді сақтандыру компаниялары ұсынатын өнімдердің халық арасында танымал екенін көрсетеді, әрі бұл көпжылдық динамикадағы абсолютті рекорд болып саналады.

Айта кетейік, бүгінде нарықтың 65%-ы екі компанияның үлесінде – Nomad Life және Халық-Life өмірді сақтандыру компаниялары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу