Елде өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны өсті

974

Республика бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны бір жылда 5%-ға өскен, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап

Елде өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны өсті

Ал Қарағанды облысында басқа өңірлермен салыстырғанда бірден 21%-ға артып отыр.

2021 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде 2133 адам зардап шеккен. Соның ішінде 176 адам қайтыс болған. Топтық жазатайым оқиғаларда 240 адам, кәсіби ауруларға байланысты 351 адам, уланудан 47 адам зардап шекті.

Зардап шеккен қызметкерлердің басым бөлігі (572 адам) өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істеген. Адам денсаулығы үшін қауіпті салалардың қатарына тау-кен өнеркәсібі (444 адам) де кіреді. Үшінші орынды құрылыс саласы алады, былтыр мұнда 199 адам зардап шеккен. 

Елімізде өндірістік жарақаттанумен байланысты әрбір төртінші қайғылы жағдай Қарағанды облысында орын алады. Былтыр мұнда 537 жағдай тіркелген. Одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан облысы (320 жағдай) және Алматы қаласы (134 жағдай) бар.

Мәжіліс депутаттары үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа "Арселор Миттал Теміртау" басшылығын қызметкерлердің өлімі үшін жауапқа тартуды талап етіп, жүгінген болатын. Олар соңғы 10 жылда аталған кәсіпорында 20-дан астап апат болып, 41 адам зардап шеккенін атап көрсеткен. Сонымен қатар 16 жыл ішінде "Арселор Миттал Теміртау" кен орындарында 109 адам қаза тапқандығы да айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу