Елде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 16%-ға қысқарды

1001

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ШЖК тартуға арналған квотаны қысқартты.

Елде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 16%-ға қысқарды

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны 16%-ға 23 560 бірлікке дейін қысқартты", – деп жазылған таратылған ақпаратта.

Бұл тапсырманы орындау елімізде жұмыс күші тапшылығы сезілетін мамандық пен тар бейінді мамандардан басқа кәсіптердің барлық санаттарына қатысты болмақ.

Бұған дейін 2022 жылға арналған квота 28 352 адамды қамтыған.

"Нәтижесінде, 2022 жылы ШЖК тартуға арналған квота мынадай түрде 4 санатқа бөлінді. Бірінші санат бойынша 1 243 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 6 499 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 11 110 және 2 396 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 312 адам тартылуы мүмкін", – делінген ақпаратта.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 14 932 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырды.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы жергілікті атқарушы органдар 18,2 мың бірлік мөлшерінде ШЖК тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсаттар берді және ұзартты. Бұл белгіленген квотаның 64%-ын (29,3 мың) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу