Елде тағы бір қаржылық пирамиданың жұмысы тоқтатылды

680

Қаржы пирамидасына ақшасын салғандардың саны 10 мыңға жуық.

Елде тағы бір қаржылық пирамиданың жұмысы тоқтатылды

Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті таратқан ақпаратқа сүйенсек, B2B Jewelry компаниясы азаматтарға алтын бұйымдарды сатқан. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес алаяқтар әшекейлерді сатып алған азаматтарға ақшаларының 104 пайызын, яғни жұмсалған сомасын және оның үстіне ақша қосып береміз деп уәде берген. Сонымен қатар клиенттерге алтын және күміс бұйымдарға арналған арнайы сертификаттар сатылған. Айыпталушылар бұл сертификаттарды сатып алғандар бір жылда 520 процент табыс табады деп сендірген. 

Айта кету керек, дәл осы пирамида Украинада да заңсыз деп табылып, аталған компанияға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Толығырақ  Atameken Business-те:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу