Елде таратылатын 8 банктің салымшыларына өтем төлеу мерзімі аяқталды

882

Қазақстанда таратылатын 8 банктің салымшыларына өтем төлеу мерзімі ойдағыдай аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елде таратылатын 8 банктің салымшыларына өтем төлеу мерзімі аяқталды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) мәліметінше, биыл 2 мамырға дейін талап етілмеген кепілді өтем сомалары салымшылардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады. 

Заң талаптарына сәйкес, өтем сомаларын аудару төлем мерзімі аяқталған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде, яғни 2022 жылғы 31 мамырға дейін жүзеге асырылады.

"Зейнетақы қорына "Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, Delta Bank АҚ, "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ, Qazaq Banki АҚ, "Астана Банкі" АҚ, Tengri Bank АҚ және AsiaCredit Bank АҚ салымшыларының өтем сомалары аударылады.
Бұл салымшылар үшін өтем сомаларының БЖЗҚ-ға аударылуы жайында уайымдаудың еш қажеті жоқ – банктердің клиенттеріне аталған рәсім бойынша қосымша ақпарат беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу