Елде тұрғын үй тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

796

Қазақстандықтар үй немесе пәтер сатып алған кезде өте сақ болуға тиіс.

Елде тұрғын үй тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

2021 жылғы 10 айда Қазақстанда 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

ЭЫДҰ дерегінше, Еуропалық Одақта мың тұрғынға шаққанда орташа есеппен 491 үйден келеді. ЭЫДҰ елдері бойынша төмен көрсеткіш (мың тұрғынға шаққанда 462 үй).

Ең жоғары көрсеткіш – Греция (мың тұрғынға 595 үй), Франция (590 үй) және Португалияла (579 үй). ЭЫДҰ есебіне енген елдер арасындағы ең төмен көрсеткіш Оңтүстік Африка Республикасында (мың адам шаққанда 283 үй). 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда мың тұрғынға шаққанда 287 үйден келеді. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Африка Республикасына қарағанда біршама жоғары.

Елде үй тапшылығы мәселесі тұрғын үй құрылысын жеделдету есебінен шешіліп жатыр. Биыл 10 айда 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға артық.

Мың адамға шаққанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 611,3 шаршы метр, бір жылда плюс 6,5%. 

Сонымен қатар тұрғын үйге сұраныс өте жоғары болғандықтан нарықта алаяқтар мен сенімсіз құрылыс компанияларын кездестіруге болады. Мемлекет бұл мәселені шешу үшін әрекет жасап жатыр. Мәселен бірыңғай оператор – Қазақстан тұрғын үй компаниясы құрылысты аяқтауға кепілдік алған нысандарға QR-код береді. 

Кепілдік беру туралы шарт жасасқан құрылыс компаниялары бірегей QR-коды бар сертификатқа ие болады. Пәтер сатып алушылар оны сканерден өткізіп, Қазақстан тұрғын үй компаниясының сайтынан сертификаттың түпнұсқалығын тексере алады.

Елордадағы өзекті мәселенің бірі – сенімсіз құрылыс компаниялары. Мысалы, биыл жаздың соңына қарай "Шығыс 3Б" тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. 6 жыл бойы 120-дан аса отбасы тұрғын үйдің тезірек салынуын асыға күтті. 

Сондай-ақ құрылыс компаниясына сенім арту бүгінде – өзекті мәленің бірі. Себебі елде жаңа ғимараттар салына береді.

Айта кетейік, Қазақстанда бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші – 22,6 шаршы метр. БҰҰ әлеуметтік стандарттарына сәйкес бір тұрғынды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 30 шаршы метр болуы тиіс. Германияда бұл көрсеткіш – 39 шаршы метр, АҚШ-та – 69,7 шаршы метр, Ұлыбританияда – 70 шаршы метр.

Жоғарыда аталған елдерде мың адамға шаққандағы үйлердің саны да елдегі көрсерткіштерден едәуір асып түседі. Демек Қазақстанда тұрғын үйді салу қарқынды түрде жүргізіледі. Бұл жағдайды алаяқ компаниялар пайданалауы мүмкін.
Сондықтан қазақстандықтар үй сатып алған кезде сақ болып, бұл іске жауапкершілікпен қарауға тиіс, әрі үйді салған құрылыс компаниясының сенімді екеніне көз жеткізуі шарт.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу