Елде үш айда тіркелген көліктер саны 9%-ға азайған

673

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 204 238 автокөлік тіркелді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға аз, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Елде үш айда тіркелген көліктер саны 9%-ға азайған

Жалпы, 2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда 3,833 млн жолаушылар көлігі тіркелген.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 3968 адам зардап шекті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жазатайым оқиғалардың деңгейі 0,8%-ға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу